Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 наурыз 2021

171

Жаңалықтар

"ТиМ" шұжықтары сертификатталды

Жамбыл облысындағы «ТиМ», «Досхан», «Халал ет», «Халиф», «Бер» сауда белгісімен шыгарылатын шұжық өнімдері «QMDB halal» стандарты бойынша сертификатталды. Технолог, инспектор-контролер мамандар тарапынан тиісті тексеріс, бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қажетті өнімдер лабораториялық тексерістен өткізілді. Толық сертификаттау қорытындысынан кейін «ТиМ» кәсіпорнына тиесілі шұжық өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, жергілікті жауапты өкіл Нұрмаджан Миразизов «QMDB halal» сертификатын табыстады. Аталған шұжық өнімдерін Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Песчаный 19 мекен-жайынан таба аласыздар! ![WhatsApp Image 2021-03-10 at 14.31.05.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/9e9/bde/6049e9bde6819388192381.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 15.59.55 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/9ec/3f9/6049ec3f999cd673312272.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 15.59.56.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/9ec/4ca/6049ec4caf98e796073331.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 16.07.24.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/9ec/551/6049ec5511700315243132.jpeg)

Бөлісу: