«Tmin All» және «Laminarin» өнімдері тексерілді
**Алматы қаласында арнайы іссапармен жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Tmin All» және «Ламинарин Сердцевит А» сауда белгісімен профилактикалық өнімдер өндіруші кәсіпорында кезектен тыс бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.** Ламинарин микроэлементтер мен витаминдерге бай, теңіз балдыры негізінде дайындалған емдеу-профилактикалық өнім болса, қара зере жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ерекше мақтап «Қара зерені емге пайдаланыңдар, расында онда өлімнен басқаның бәріне шипа бар» деген. Тексеріс барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Барлық емдеу-профилактикалық өнімдер санитарлық тазалық пен халал өнімдер өндіру технологиясын сақтай отырып өндірілуде. ![WhatsApp Image 2020-12-23 at 15.08.22.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/309/407/5fe3094079d69304534182.jpeg)