Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 мамыр 2022

54

Жаңалықтар

"Тмин" емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды

"Тмин" сауда белгісімен шығарылатын, емдік шөптер негізінде дайындалған "Eco Store" кәсіпорнының емдік-профилактикалық өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды.

Кәсіпорын өкілдері мен технолог мамандардың бірлескен жұмысы нәтижесінде «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

"Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен хадистер мен Құран аяттарына сүйене отырып, Ислам медицинасы негізінде дайындалған "Тмин" өнімдері пайдасы мен құндылығы жоғары шипалы емдік қоспалар. Абу Саида аль-Худриден келген риуаятта Аллаһ елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Аллаһ Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді". Сондықтан халал емдік өнімдер саны көп болуы тиіс" - дейді технолог Айзат Ермекқызы.

"Eco Store" кәсіпорнына берілген халал сертификаты 25.04.2022-24.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Бөлісу: