Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 желтоқсан 2024

61

Мақалалар

ТРАНСМАЙЛАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Майдың бұл түрі 20 ғасырдың басында маргарин өндірісінің басталуымен пайда болды. Көбінесе тағамдарды өңдеу процесінде жасанды түрде пайда болады. Құрамында қанықпаған май қышқылдары бар өсімдік майларының сақтау мерзімі қысқа болғандықтан, оны арттыру үшін гидронгенизациялайды. Гидрогенизацияның көмегімен сұйық майдан аспаздық майы, маргарин және басқа да майлар жасалып, өңдеу барысында трансмайлар түзіледі.

Гидрогенизация процесі

  • Гидрогенизация – бұл химиялық процесс, онда қанықпаған май қышқылдары бар өсімдік майларына сутегі молекулалары қосылады. Нәтижесінде майдың физикалық қасиеттері өзгеріп, сұйық күйден қатты күйге өтеді. Бұл процесс өнімнің сақтау мерзімін ұзартып, оның тұрақтылығын арттырады.
  • Бірақ гидрогенизацияның жанама әсері ретінде трансмайлар түзіледі. Бұл табиғи майлардың құрылымына ұқсамайтын, адам ағзасына зиянды жаңа май молекулаларын құрайды.

Трансмайлар қайдан пайда болады?

Табиғи трансмайлар
Табиғи трансмайлар ет пен сүт өнімдерінде аз мөлшерде кездеседі. Бұл жануарлардың асқазанындағы бактериялар көмірсулар мен майларды ыдыратқанда пайда болады. Табиғи трансмайлар денсаулыққа аса қатты зиян келтірмейді, бірақ оларды да шектеулі мөлшерде тұтынылуы тиіс.

Жасанды трансмайлар (гидрогенизация процесі)
Жасанды трансмайлар өсімдік майларын гидрогенизациялау кезінде пайда болады. Бұл процесс майды қатты күйге айналдыру үшін жүргізіледі. Нәтижесінде, майдың сақтау мерзімі ұзарып, өнімнің құрылымы тұрақты болады. Әртүрлі тағамдар пісіруге арналған маргаринде 20-40% транс-майлар бар. Яғни, бір ас қасық осындай маргариннің құрамында осы заттардың максималды тәуліктік мөлшері болады. Жасанды трансмайлар көбінесе мынадай тағамдарда кездеседі:

• кондитерлік өнімдер;
• снэк өнімдері;
• мұздатылған жартылай фабрикаттар;
• фаст-фуд өнімдері. Мысалы, фри картобының бір порциясында 14 грамм транс майлар болады. Бұл күндік нормадан 3 есе көп.

Трансмайлардан қалай сақтануға болады?
Табиғи өнімдерді тұтыну
Қарапайым, өңделмеген тағамдарды тұтынуға артықшылық беріңіз;

Өнім құрамын тексеру
Қаптамасындағы жазуларды мұқият қарап, күмәнді ингредиенттерден бас тартыңыз. Қаптамада «гидрогенделген» немесе «жартылай гидрогенделген» майлар көрсетілген болса, онда өнімде трансмайлар бар деген сөз.



Бөлісу: