ТҮРКІСТАН: «MAGNUM» САУДА ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының басшылығымен Түркістандағы «Magnum Cash & Carry» сауда орнындарының ет және шұжық өнімдері тексерілді. Кезекті аудит шараларына бас сарапшы-технолог Данияр Бақзейнелұлы мен облыстың бас имамы Ержан Сматұлы қатысты.
«Республикадағы ең ірі сауда орындарының бірі – «Magnum Cash & Carry». Аталған кәсіпорын бірнеше жыл бұрын халал стандарты талаптарына сай сертификатталғаны мәлім. Еліміздегі ең ірі қалаларда орналасқан сауда желісінің ет және шұжық өнімдерін тұрақты түрде тексеріп тұрамыз. Бүгін Түркістандағы «Magnum»-да кезекті аудит шараларын орындадық. Тексеріс барысында ет өнімдері, «QMDB Halal» таңбасымен шығарылатын шұжықтар тексерілді. Тексеріс аталған өнімдердің тасымалдануынан бастап, халал өнімдерге арналған арнайы сөрелерде сатылуына дейінгі кезеңдерді түгелдей қамтыды. Өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде халал стандарттың барлық талаптары толықтай сақталған», – деп хабарлайды Түркістанда кезекті тексерісте жүрген маманымыз.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Халал Даму» мамандары және жергілікті бақылаушылардың қатысуымен Түркістан облысы, Өскемен аймақтарында қызу тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр.