Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 қазан 2023

171

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛ.: «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫМЕН ЖИЫН

Түркістан облысы бойынша жергілікті кәсіпкерлерге арналған Атамекен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жиыны өтті. Жиынға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Сейілбекұлы, облыстың бас имамы Ержан Саматұлы және де жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Басқосуда халал саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жергілікті халал кәсіпорындар санын арттыру, сол арқылы халыққа сапалы да таза өнім ұсыну, отандық өнімдерді шет ел нарығына экспорттау, халал индустриясын дамытуға ат салысу секілді өзекті мәселелер ортаға салынды.

«Халал» - өнімнің шариғат талабына сай, адал екеніндігін білдіретін таңба. Кәсіпорындар халал стандартын өндіріс орындарына енгізу арқылы, басым мүмкіншіліктерге ие болады. Бұл – өнім айналымын ұлғайту, сапа көрсеткішін жақсарту, тазалық талаптарын қадағалау, сұранысқа ие «адал» өнім өндіру секілді басымдылықтар. Өңірдегі халал кәсіпорындардың сапасы мен санын арттыра отырып, отандық өнім нарығын дамытамыз деп сенемін», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпкерлерді бірлесе қызмет атқаруға шақырды.




Бөлісу: