ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті маман Аружан Аралбай орындады.
«Кезекті тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімнің өндірілуінен бастап, дүкен сөрелеріне жеткізуіне дейінгі барлық процесс толықтай қадағаланды. Дайын өнімдердің сақталуы, тасымалдануы, жеткізуші техникалық құралдардың халал стандартқа сәйкестігі, сату алаңдарында бірыңғай халал өнімдердің орналасуы, қызметкерлердің стандарт талаптарын сақтауы, санитарлық-тазалық мәселелері тексерілді. Қорытынды акт бойынша, мекемелерде бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Тексеріс оң нәтижені көрсетті. Кәсіпорындарда шариғатқа сай рұқсат етілген өнімдерді ғана қолданып, халал стандарт талаптарын толықтай орындайтыны анықталды», - дейді маманымыз.