Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 маусым 2024

682

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

«Халал Даму» технологы Аружан Аралбай Түркістан облысындағы кәсіпорындарда айлық тексеріс шараларын жүргізді. Атап айтқанда, «Daily food», «Aika food», «Дильноза», «Кәусар», «Wow plov», «Aю food», «Кувшин» қоғамдық тамақтану тексерілді.

Аудит барысында дәмханаларда халал стандарт талаптарының толықтай сақталуы қадағаланды. Ас даярлау орындарындағы санитарлық тазалықтың сапасы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде кішігірім семинар өткізіліп, стандарт талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Маманымыз Түркістандағы тексерістің әлі де жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу: