ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЕКСЕРІС ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Түркістандағы аудит шараларының үшінші күнінде "AQ JOL Food Industry" шұжық цехы, "Daily Food" жартылай фабрикат өнімдері және "Кувшин" дәмханасы тексерілді.
"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы-технолог Данияр Бақзейнелұлы, облыстың бас имамы Ержан Сматұлы аталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді.
Бақылау-қадағалау барысында өнімдердің өндірілуі, сақталуы, тасымалдануы және сатылуы секілді барлық кезеңдері толықтай қадағаланды. Аудит қорытындысы оң нәтиже көрсетіп, бақылау шараларының соңында "AQ JOL Food Industry" кәсіпорнына "QMDB Halal" сертификаты табысталды.