Түйеден жасалатын желатин
**Малайзия Халықаралық ислам университеті мен Сауд Арабиясындағы Сауд Патша университеті түйе сүйектерінен халал желатинді жасау және өндіру саласында ынтымақтасуға келісті.** «Түрлі тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен косметиканы өндіруде қолданылатын желатинге үлкен сұраныс бар. Алайда, нарықтағы желатиннің 95%-ы мұсылмандар үшін тыйым салынған жануарлардан жасалатын болғандықтан, бұл мәселеге айналып отыр», – дейді Малайзия университетінің профессоры Ирванди Джасвир. Джасвирдің айтуынша, түйелерден желатинді өндіру – бұл саладағы әлем бойынша алғашқы эксперимент болады, деп хабарлайды MuslimEco. Түйеден жасалатын халал желатинін әзірлеу және өндіруін ұйымдастыру үшін 1,8 миллион малайзиялық ринггит қажет. Зерттеу қажеттіліктеріне арналған бұл сома Сауд Арабиясы үкіметі тарапынан төленеді. Екі ислам университетінің мамандарынан құралған зерттеу тобы келесі жылдың басынан жұмысқа кірісетін болады.