Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 маусым 2021

108

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛ.: "НӘРЛЕН" ШҰЖЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында орналасқан "Қарқын 2030" шұжық цехында ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Айлық тексерісті "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог,ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, жергілікті инспектор-контролер Сарыбаев Қазбек орындады.

"Қарқын 2030" кәсіпорнының шұжық өнімдері тұтынушыларға "Нәрлен" сауда белгісімен кеңінен танылған.  Одан бөлек, 48 түрлі өнімі "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталған болатын. Бүгінгі тексеріс барысында бекітілген талаптарды сақтай отырып, шариғат және халал стандартқа сай өнім өндіріп, қызмет көрсетуі қадағаланды. Бақылау-қадағалау шараларын жүргізген мамандардың мәлімдеуінше, "Қарқын 2030" шұжық цехында шариғатқа қайшы, стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Тексеріс қорытындысы оң нәтижені көрсетті.

Бөлісу: