Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

11 наурыз 2021

397

Жаңалықтар

"Түркістан" шоколады сертификатталды

**Тұтынушыларға "Түркістан" атауымен танылған шоколад өнімдері "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды. "Түркістан" шоколад өнімін өндіруші "Балмұздақ" кәсіпорны Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бірінші Мамыр елді-мекенінде орналасқан.** Аталған кәсіпорын бүгінгі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты, "Халал даму" мекемесінен арнайы тексерістен өтіп, халал сертификатқа ие болды. Сертификатты табыстауға "Халал Дамудың" Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбек Сұлтанбекұлы және Төле би ауданының бас имамы Анарбаев Самат Сапарханұлы арнайы барды. Іс-сапар барысында кәсіпорын цехында кезекті бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге оқу-семинар шараларын жүргізді."Балмұздақ" кәсіпорнының жаңадан іске қосылып жатқан цехында шығарылатын өзге де өнімдерді "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткізу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, "Балмұздақ" кәсіпорны бұған дейін "Ленгерское" сауда белгісімен шығарылатын балмұздақ өнімдеріне "QMDB halal" сертификатын алған болатын. ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 15.30.47.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/a0e/0f4/604a0e0f47229885768831.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 15.30.47 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/a0e/248/604a0e248a3b6339368246.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 15.30.48.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/a0e/2c7/604a0e2c7abd5419700463.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-11 at 15.30.49.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/a0e/347/604a0e34785f7258240320.jpeg)

Бөлісу: