Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 желтоқсан 2020

113

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҮШ АСХАНА “ХАЛАЛ” СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

**Әбу Бәкір Уаррақ бір әңгімесінде: «Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін маңайымдағы кісілерге қарап, кімнің адал ас, кімнің арам ас жегенін ажырата алам, – деді. Жанындағылар: – Ұстаз, оны қалай ажыратасыз? – деп сұрағанда, былай деп түсіндірді:** – Кімде кім таң ата бос сөз, бөстекі әңгімеге салынса, әркімдерді сырттай жамандап, былапыт сөз айта бастаса, демек, оның бұл әрекеті арам ас жегендігінен туындауда деп түсінем. Ал егер кімде-кім таңертең тұрғаннан кейін әуелі Алла Тағаланы көп зікір етіп, тәухид кәлимасын айтып, өзіне кешірім-истиғфар тілесе, оның бұл әрекеті адал ас жегендігінен. Өйткені адал да, арам да адамның күнделікті іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді». Адамның жақсы болмағы ішіп-жеген асынан да білінеді. ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен жеңіл өнеркәсіп пен асханаларды адалдық алаңына шақыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Арам нәрсе тез жайылып әрі табысты болатындықтан кәсіпкерлерді көндіру оңайға соқпай тұр. Түркістан облысында адал сауда, адалынан ішіп-жеу, адал табыс, адал өмір сүру кеңінен насихатталуда. Сұранысқа сай адалдыққа асхана иелері ұмтылып келеді. Түркістан қаласындағы “Тұран”, “Диана” және “Кәмшат” асханалары “халал” сертификатына ие болды. Облыс имамының халал даму ісі жөніндегі орынбасары Қуаныш Мәжит құжаттарын тапсырып, кәсіптеріне береке тіледі. Алла Тағала қасиетті Құранда таразыдан кем тартпауға, адалынан табыс тауып, ішіп-жеуге бұйырған. Арамнан титтей де бір нәрсе асқазанға түссе адам ағзасы мен өміріне зиян келтіретінін еске саламыз. ![20201126_193754_compress44.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/61d/662/5fc61d662957e323193674.jpg) ![IMG-20201119-WA0008_resize_76_compress31.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/61d/7e3/5fc61d7e3e077901229925.jpg) ![20201126_193732_compress5.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/61d/92c/5fc61d92c128b052120531.jpg)

Бөлісу: