Түркістандағы кәсіпорындар тексерілді
"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының Түркістанға бағытталған іс сапары барысында өңірдегі бірқатар халал кәсіпорындар өндірісі мен қызметі қадағаланды. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Таңат Серкебай да қатысты.
Тексеріс барысында өңірдегі фаст-фуд кәсіпорны "Daily Food" пен "Яссы Құрылыс" шұжық цехының өндірісі қадағаланды.
"Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өнідірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит қорытындысы бойынша, "Яссы Құрылыс" кәсіпорнына бірқатар ескертулер жасалды", – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.