«Ulytau Enterprise» ет дүкені сертификатталды ⠀
**Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Ulytau Enterprise» кәсіпорнына тиесілі ет дүкені «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** «Халал Дамудың» ветеринариялық санитария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиев ет дүкенінде бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, сауда орнында сатылатын ет өнімдерінің шариғат және халал стандарт талаптарына сай бауыздалып, өңделуін, сақтау, тасымалдау, сатылуын қадағалады. «Ulytau Enterprise» ет дүкені «*Мал бауыздау және ет өңдеу» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталып, «ҚМДб халал*» сертификаты табысталды. «Ulytau Enterprise» ет дүкені Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, 23-15 көшесі, 11/3 мекен-жайында орналасқан. Кәсіпорынға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі бірдей:**26.11.2020-25.11.2021** ![Снимок.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/ca0/579/5fcca0579b094955150424.jpg)