"Unaidy" кондитерлік өнімдері халал
***«Unaidy» кондитерлік өнімдері «ҚМДБ ХАЛАЛ» сертификатына ие болды.** Кондитерлік өнімдер дайындау барысында қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалары технологтар тарапынан тексерілді. Мамандар жұмысының қорытындысынан кейін, “Unaidy” кондитерлік өнімдеріне «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау және сатуға қойылатын жалпы стандарты» бойынша сертификат табысталды. "Unaidy" кондитерлік өнімдерінің "ҚМДБ халал" стандартқа толықтай сай екендігін хабарлаймыз!