Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 қаңтар 2021

58

Жаңалықтар

"Узстандарт" агенттігімен кездесу

**Халал – діни басқармасының айрықша көңіл бөлетін негізгі бағыттарының бірі. «QMDB halal» таңбасымен шығарылатын өнімдерді елімізде ғана емес, көршілес мемлекеттерде де дамытып, отандық халал таңбасының құндылығы мен сұранысын арттыру – алға қойған жобалардың қатарынан. Осы мақсатпен Өзбекстанда арнайы ісппарда жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Узстандарт» стандарттау, сертификаттау және техникалық реттеу ғылыми-зерттеу институтының сертификаттау бөлімінің меңгерушісі Саидов Суннатилла мырзамен кездесті. Жиынға «Халал Дамудың» бас технологы Айжан Омарова және «Узстандарт» агенттігінің мамандары қатысты.** Өзбекстанның стандарттау, метрология және сертификаттау агенттігі («Узстандарт» агенттігі) - техникалық реттеу, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мәселелерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган. Басқосуда екі елдің стандарттау және сертификаттау саласында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша ақпарат беріліп, кәсіби біліктілікті жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасты. Орталық Азия елдерінде халал индустриясын дамыту, шариғатқа ай өнім өндіретін кәсіпорындар санын арттыру, бірлескен оқу-семинар дәрістер жүргізу мәселелері қозғалды. «Халал – халыққа, ұлтқа емес, Ислам дінне тән ортақ ұғым. Бауырлас өзбек халқының адал, таза, шариғатқа сай өнім тұтынуы, отандық нарықта халал өнімдердің көбеюі бізді қуантады. Өзбекстанда «QMDB halal» стандарты бойынша жұмыс жасайтын бірнеше кәсіпорын бар. Бұл – екі ел арасындағы бауырластықты арттырып қана қоймай, көршіліс қазақ халқына деген сенімнің көрінісі деп білеміз», – деді Айбек Асқарбекұлы. Өз кезегінде Саидов Суннатилла мырза Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Халал Дамудың" бекіткен стандарттарының Өзбекстанда жоғары бағаланатынын және сол стандарттарды ресми түрде қолдануға рұқсат сұрады. Халал индустриясының дамуына ат салысып, сапарлатып келген «Халал Даму» ұжымына алғысын білдіріп, екі елдің халал саласындағы байланысы одан сайын нығая түсетіндігін жеткізді. ![WhatsApp Image 2021-01-22 at 12.30.54 (2).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/a71/f4a/600a71f4a4310226201623.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-22 at 12.30.54 (5).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/a71/ff9/600a71ff90f2a317377826.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-22 at 12.30.54 (3).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/a72/0a4/600a720a4ee8a813925941.jpeg)

Бөлісу: