ҚЫЗЫЛОРДА: «DU DU CHICKEN» СЕРТИФИКАТЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Қызылорда қаласындағы «Du Du Chicken» брендімен танылған фаст-фуд өнімдеріне берілген «QMDB Halal» куәлігі жаңартылды.
«Халал Даму» мамандары жүргізген толық аудит нәтижесінде «Du Du Chicken» қоғамдық тамақтану орны «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар» стандартына толық сәйкес келетіні расталды. Аудит барысында тағамдар мен сусындарды дайындау процесі, қолданылатын шикізаттың сапасы, гигиена талаптарының сақталуы және қызмет көрсету тәртібі мұқият тексерілді. Барлық талаптар орындалған соң, кәсіпорынға ресми түрде «QMDB Halal» куәлігі табысталды.