Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 сәуір 2022

58

Жаңалықтар

Жамбыл обл.: Кәсіпорындарға түсіндіру және тексеріс шаралары жүргізілді

«Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Миразизов Нұрмаджан мен жергілікті технолог Аблайхан Кәріпбаев ЖК «Дадабаев», ЖК «Досматов», ЖК «ТиМ» шұжық цехтары, ЖК «Барака» жартылай фабрикат дайындаушы кәсіпорында және де сертификат алуға өтініш білдірген «Кәусар» шәйханасы, «Рататуй» дәмханасында кезектен тыс бақылау-қадағалау шараларын орындады.

«Халал Дамудан» сертификаттаудан өткен шұжық цехтарының басым көпшілігі Жамбыл облысында орналасқан. Өңірдегі өндірілген шұжық өнімдері Нұр-Сұлтан, Алматы секілді ірі мегаполистер мен алыс-жақын аудан, ауылдарға жолданады. Сапалы әрі халал шұжық ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, шет елге де тасымалдануда. Қазіргі таңда біздің бақылауымызда 40-қа жуық шұжық цехы, сонымен қатар, тамақтану орындары, фаст-фуд желілері т.б кәсіпорындар бар. Сол себепті, тұрақты түрде кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп тұрады. Бүгінгі аудит барысында, ЖК «Дадабаев», ЖК «Баракат», ЖК «Досматов» кәсіпорындарына өнім қаптамасы бойынша бірқатар ескертулер тағылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, дайын өнімнің сапасы, тағамдық қоспалары, шикізаттары және дайындау, сақтау, тасымалдау, сату барысында бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы назарға алынып, қорытынды акт толтырылды», – деген жергілікті мамандар бақылау-қадағалау шараларының әлі де жалғасатынын жеткізді.

Бөлісу: