ЖАМБЫЛ ОБЛ.: "ПЫШКА И КО" ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Жамбыл облысындағы "Пышка и Ко" кондитерлік өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Дамудың" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев пен жергілікті инспектор-контролер Нұрмаджан Миразизов табыстады. Аталған кәсіпорын "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды.
"Кондитер өнімдері — әртүрлі шикізат қолданылатын тамақ өңдірісінің өнімдері. Олар тәтті дәмімен, күрделі ароматымен, жоғары энергетикалык құндылығымен сипатталады. Кондитерлік өнімдерінің шикізаттарына сірне, агар, желе, пектин, тағамдық бояғыштар, эссенция т.б. жатады. "Пышка и Ко" кәсіпорнын сертификаттау барысында барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді. Қажетті дегендері зертханалық сынақтан өткізілді. Тексеріс толықтай аяқталғаннан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды", – дейді сертификаттау шараларын жүргізген технолог Арай Бақытқызы.
"Пышка и Ко" кондитерлік өнімдерінің толықтай тексерілгендігін, "Халал Даму" стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!