Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 маусым 2022

71

Жаңалықтар

Жамбыл обл.: "Пышка" кондитерлік цехында кезекті аудит

Жамбыл облысындағы "Пышка" кондитерлік цехында кезекті тексеріс шаралары орындалды. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті инспектор-контролер Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан жүргізді.

"Заманауи техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған цех айына 5 тоннадан астам кондитерлік өнімдерді шығарады. Республикалық маңызы бар қалаларға арнайы тапсырыстарды тұрақты түрде тасымалдайтын цех сұраныстың көптігіне қарамастан, халал талаптарына сай адал өнім өндіруде. Қала бойынша арнайы кондитерлік дүкендер желісін ашу жобасын қолға алғандықтан, цехта тағы бір мәрте бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Тексеріс нәтижесі оң. Сонымен қатар, кондитерлік кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар шаралары өткізіліп, халал стандарты талаптары кеңінен түсіндірілді", - дейді технолог Аблайхан Кәріпбаев.


Бөлісу: