Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

09 маусым 2021

124

Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ОБЛ.: ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

"Халал Даму" мамандарының Жамбыл облысындағы іс-сапары барысында өңірдегі барлық шұжық цехтарына ревизорлық бақылау жұмыстары жүргізілді. Тексерісті "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, жергілікті инспектор-контролер Нұрмаджан Миразизов орындады.

"Шұжық – отандық тағам өнімдері нарығында үлкен сұранысқа ие. Дегенмен, ол тез бұзылатын өнімдер қатарына жататындықтан дайын өнімнің сапасын  ұдайы бақылап отыру қажет.  Шұжық өндіру технологиясы айтарлықтай күрделі болғандықтан арнайы құрылғылар мен белгілі дағдыларды қолдануды қажет етеді. Шұжық халал болуы үшін  бірнеше факторлар қажет. Атап айтқанда: сапалы, адал шикізат, зертханада тексерілген халал дәмдеуіштер, ұтымды өндіріс технологиясы мен заманауи жоғары техникалық жабдық. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында  "ТиМ", "Пазиева", "Сапаева", "Досматов", "Тансикбаев", "Сарыбас" шұжық цехтарында өндірістің барлық кезеңдерінде бекітілген халал стандарты талаптарын орындауы қадағаланды. Блікті мамандардың қатысуымен тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізілді", – деген Айбек Асқарбекұлы бақылау-қадағалау барысында "Пазиева" және "Тансикбаев" шұжық цехтарына  ескерту жасалынғандығын, ал "ТиМ", "Сапаева", "Досматов", "Сарыбас" шұжық цехтарының өндірісі бекітілген стандарт талаптарына толықтай сай екендігін жеткізді.

Ескерте кетейік, ескерту жасалынған шұжық цехтарында алдағы уақытта қайта тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Талап орындалмаған жағдайда "QMDB HALAL" сертификаты өз күшін жояды.


Бөлісу: