Жамбыл Облысы: ЖК «Тахир» сертификаты жаңартылды
Жамбыл Облысындағы ЖК «Тахир» шұжық цехы сертификатын жаңартты. Тексеріс жұмыстарының оң нәтижесінен кейін, «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Абылайхан Кәріпбаев аталған кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Айта кетейік, Тараз қаласы бойынша тұрақты түрде барлық кәсіпорындарды кезекті және кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, заңсыз пайдаланушыларға қарсы түсіндіру және ақпараттандыру шаралары да орындалуда.