Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 тамыз 2020

50

Жаңалықтар

Жамбыл облысында "Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау" апталығы басталды

*«Халал Даму» мекемесі мен ҚМДБ-ң Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау» апталығы басталды. Апталықтың ашылу салтанатына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелидев пен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог мамандар, жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Апталықтың басты мақсаты - халалдың маңыздылығын насихаттау, халал стандартқа сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындар санын арттыру. Апталықтың алғашқы күнінде жергілікті имамдар мен кәсіпкерлерге арналып оқу-семинары жүргізілді. Сонымен қатар отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік халал кәсіпорындар» марапатталды. Және де жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға арнап қайырымдылық акциясы өткізілді. Халал апталығының алғашқы күнінде «Best Asian Trade» кәсіаорны мен «Кәусар» асханасына «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. Апталық барысында шұжықтың отаны саналған Тараз қаласындағы шұжық цехтары мен сертификатталған мекемелерде аудит жұмыстары жүргізілетін болады.* ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.09.15 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/579/534/5f7579534e120099705770.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.09.14.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/579/6b4/5f75796b444de394538453.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.09.16.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/579/bf3/5f7579bf356fb302041715.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.09.14 (1).jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/579/d34/5f7579d34b48f378174973.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-10-01 at 09.09.15.jpeg](http://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5f7/579/f52/5f7579f5231c8399059177.jpeg)

Бөлісу: