Жамбыл облысындағы кәсіпорындарда тексеру және түсіндіру шаралары жүргізілді
Жамбыл облысындағы "Сапаева Ш" шұжық цехында ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, "Әулие ата феникс" кәсіпорны басшылығы және де аталған құс еті өнімдерін көтерме бағада сатушылармен кездесу өткізілді. Тексеріс және түсіндіру шараларын "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.
"Сапаева Ш" кәсіпорны яғни, "NS" шұжық өнімдеріне жүргізілген тексеріс барысында шикізат өнімдері, тағамдық қоспалары, қызметкерлердің халал талаптарын орындауы қадағалауынды. Қорытынды актіге сәйкес, цех жұмысына оң баға берілді. Ал, "Әулие-ата Феникс" құс фабрикасындағы жиын барысында халал өнім өндіріп қана қоймай, көтерме бағамен сатушылардың да сату процессі барысында халал талаптарын сақтауы айтылып, халал тақырыбы кеңінен түсіндірілді",- дейді Аблайхан Ғабитұлы.