Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 тамыз 2020

23

Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы шұжық цехтары

***Шұжықтың отаны саналатын Жамбыл облысында орналасқан шұжық цехтарына инспекциялық тексеріс жұмыстары жүргізілді.** ️Жоспарлы аудит жұмысына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас технолог Айжан Омарова, сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы қатысты. "Халал Даму" мамандарының қатысуымен 20 шұжық цехында бақылау-қадағалау шаралары өткізілді. Тексеріс барысында көпшілік кәсіпорындар жұмысының халал стандарт талаптарына сай екендігі анықталса, бірқатар шұжық цехтарының өндірісіне қатаң ескерту жасалынды. Қатаң ескерту жасалынған кәсіпорындарға кемшіліктерін түзету үшін шектеулі мерзім берілді. ️Бекітілген уақыт аралығында ескертулер орындалмаса, сертификат қайтарылып алынатын болады. Ескерту нәтижесі бойынша толық ақпарат алдағы уақытта берілетін болады**.***

Бөлісу: