Жамбылдағы дәмханаларда аудит
Жамбыл облысындағы «Халал Даму» өкілдігі жергілікті дәмханаларда жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Бақылау шараларын технолог маман Аблайхан Ғабитұлы орындады.
Тексеріс барысында «Кish Mish», «Marvarid», «Ristretto», «The Papa», «Turkish doner» дәмханаларының бекітілген халал стандарты талаптарын сақтауы қадағаланды. Қорытынды акт нәтижесі бойынша, дәмхана өнімдері мен қызметі халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталды.