Жамбылдағы кәсіпорындар қатаң тексерілуде
"Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Нұрмаджан Миразизов пен технолог Аблайхан Кәріпбаев "Сарыбас" шұжық цехында аудит шараларын орындады.
Мамандар бақылауының қорытындысына сәйкес, аталған кәсіпорын өндірісі мен дайын өнімдері "QMDB Halal" талаптарына толықтай сай. Қызметкерлердің бекітілген талаптарды орындауы, санитарлық тазалықты қадағалауы да жоғары бағаланды.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы шұжық цехтары мен өзге де кәсіпорындарды тексеру жұмыстары үздіксіз орындалуда. Халал талаптарын сақтамаған кәсіпорындармен келісімшарт өз күшін жойып, сертификат кері қайтарылып алынуда. Соңғы бақылау-қадағалау актісіне сәйкес, "Садыков" шұжық цехына берілген "QMDB Halal" сертификатының жарамдылығы мерзімінен бұрын тоқтатылды.