Жамбылдағы шұжық цехтарында жоспарлы тексеріс
Жамбыл облысындағы ЖК «ТИМ», ЖК «Рахимжанова Гульнара Нишановна (Ақ ниет)», ЖК «Пазиева», ЖК «Хамракулов», ЖК «Азимов Азим» шұжық цехтарында жоспарлы тексеріс шаралары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті технолог, инспектор-контролер Аблайхан Ғабитұлы орындады.
«Тексеріс қорытындысы оң. Шұжық цехтарындағы халал талаптары толығымен сақталған. Тағамдық қоспалары, дайын өнімдері, санитарлық тазалығы бекітілген стандарттарға сай», - деп хабарлайды жауапты маман.