ЖАҢАҚОРҒАНДА ТҰҢҒЫШ...
Зуылдаған zoom заманнан, фаст-фуд өніміне бейімделгелі біршама уақыт өттті. Бұрынғысын қайдам, бүгінгінің баласы жетісіне бір рет чикен жемесе, чекесі тырысып, пицца жемесе, плейстейшнге зауқы соқпайды. Бұрын папа площадьқа барайық десе, қазір пиццаға дейді. «Ас – адамның арқауы» деген аталы сөзді алдыңға орынға қоятын қазақ үшін адал ас бәрінен биік тұрады ғой. Жұрт жаппай халал тағамға көшкен сайын жүректе иман орнығып, санада сілкініс пайда болатыны сөзсіз.
Хош, сүйінші жаңалықпен бөлісейін. Жаңақорғанда ең бірінші болып, "QFC", "QFC Burger" желілерінің негізін қалаушы жас кәсіпкер Қадыржан Қыдырбаев бауырымыз ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-нің қоғамдық тамақтындыру және фаст-фуд өндірісіне Халал сертификатын алды. Намбэ уан в Нью-Кастле)
Бүгін бас имам Әбдіхалық қажы Қадыржанға куәландыратын Сертификатын салтанатты түрде табыстады. Бас имам асқазанға түскен әрбір астың адалдығына мән беретін мұсылман баласы үшін бұл қуанышты жаңалық екенін жеткізді.
Сонымен Қадыржанның фаст-фуд өндірісінде пайдаланатын негізгі өнімдерді атап айтсақ. Сіз бен біз жеп жүрген ұрғашы тауықтың еті ол атақты — "Aiser" құс фабрикасының бройлері. Бұл компания отандық Халал стандарттан бөлек, халықаралық ISO 22000 сертификатын алған. Ал пиццасына қосатын колбасасы астаналық "НӘРЛЕН" ет өнімдерінің шұжығы. Ол да адалдың мүшесі. Партияның емес) Ет болса, Қызылордадан Халал сертификаты бар қасапханадан алдыртады. Қалған қоспаның бәрі зертханалық тексерістен өткен. Уайымдамай жей беріңіздер.
Тақырыпқа тұздықты Мәулана Румидің өсиетімен түйіндесек: «Ілім де, хикмет те, Құдайға деген ғашықтық та, шынайы мейірімділік те ішіп-жемнің адал болуына байланысты. Асқазанға түскен бір түйір ас бойда қызғаныш пен арамзалықты оятса, надандық пен ғапылдыққа берілуге сеп болса, онда мұндай ас – харам. Бидай егіп, арпа жиды дегенді естідің бе?» деген екен. Осылайша, Мәулана ізгі адам болудың және ізгі ұрпақ өсірудің халал аспен тығыз байланысты екеніне меңзейді.