
"The Papa pizza VS sushi" дәмханасы сертификатталды
***Шырайлы Шымкентте орналасқан «The Papa pizza VS sushi» фаст-фуд өндірісінде аудит жұмыстары жүргізілді.** «The Papa pizza VS sushi» фаст-фуд мекемесі «Халал Дамудың» технологтарымен бірлесе отырып өндіріс барысын халал стандартқа сәйкестендіру жұмыстарын жүргізген болатын. «Халал Даму» басшылығы және мамандарының қатысуымен өткізілген бақылау-қадағалау барысында стандарт талаптарының толықтай орындалғандығына көз жеткізілді. Стандарттау және сертификаттау шаралары толықтай аяқталғаннан кейін ғана «ҚМДБ халал» сертификаты табысталатын болады.*   