Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қараша 2024

172

Жаңалықтар

ЖЕТІСУ: ИМАМДАРҒА ХАЛАЛ СТАНДАРТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті имамдарға халал турасында семинар өткізді. Семинарға қала, аудан, ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.

«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Халал үкімі тек тағамға ғана тән десек қателесеміз. Халал индустриясына – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және денсаулық саласы, қаржы-қаражат т.б барлығы жатады», – деген Айбек Асқарбекұлы халал стандартының талаптары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, мағлұмат берді.

Сонымен қатар, бас имам Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті имамдарға өңірде халал жөнінде ақпарттандыру жұмыстарын жетілдіріп, үгіт-насихат шараларын арттыруды тапсырды.

Бөлісу: