ЖЕТІСУ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР
Жетісу облысы имамдарына халал турасында семинар ұйымдастырылды. Семинарды жергілікті өкіл Мұхаммед Ордыбай өткізді.
«Халал стандарттау және сертификаттау, өнім мен өндіріс орындарын шариғат талабына сәйкестендірудің маңызы жөнінде семинарлардың имамдарға берері мол. Сонымен қатар, осындай басқосу барысында олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, халал жөніндегі білімдерін толықтыра түседі. Болашақта да халал туралы семинарларды ұйымдастыра бермекпіз, - дейді жергілікті өкіліміз.