Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 қыркүйек 2023

190

Жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛ.: 16 КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Дамудың» технолог маманы Мейіржан Бауыржанұлы мен жергілікті инспектор-контролер Мұхаммед Нұрғұсманұлы өңірдегі 16 кәсіпорында кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Аудит аясында «Маки Маки», «Tandoor», «НАРАТ», «Базилик», ЖК «Нугуманова», «Firdaus», «AS-SALAM», «Алаш» қоғамдық тамақтану орындары, «Мясной двор» қасапханасы, «V-Burger», «ISSMILE», «Пармезан», «Биг бокс» фаст-фуд өнімдері, «Happy Cake» және «DANAI FOOD» кондитерлік өнімдері, «ADEF» жартылай фабрикат өндіруші кәсіпорындар тексерілді.

Маманымыз: «Өңірдегі кәсіпорындардың халал стандартын сақтауы, шариғатта бекітілгендей халал талаптарына сай өнім өндіретіндеріне көз жеткізілді. Халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады», – деп хабарлайды.


Бөлісу: