ЖЕТІСУДАҒЫ 3 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Атап айтқанда, «Sunfood» кондитерлік өнімдері, «Kastom Food» тамақтану орны, «Issmile» фаст-фуд өнімдері сертификатталды.
Жиын барысында, жергілікті кәсіпкерлерге халал стандарттарын сақтау мен кәсіпорындарын дамыту бағытында кеңес беріліп, «QMDB Halal» сертификатының маңызы аталып өтілді.
Айта кету керек, «QMDB Halal» сертификатының берілуі тек кәсіпорындардың діни талаптарға сәйкестігін ғана емес, сонымен қатар, олардың өндірістік процестерінің жоғары сапасын, гигиеналық-санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді.