Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 шілде 2024

721

Жаңалықтар

«ZIGI ZAGI» АЛКОГОЛЬСЫЗ СУСЫНДАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Отандық «Zigi Zagi» сауда белгісімен шығарылатын алкогольсыз сусындар «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.

«Ерекше дәмді «Zigi Zagi» сусындары – табиғи ингредиенттерден дайындалған отандық өнім. Кәсіпорынды сертификатату барысында өндіріс орны, сақтау қоймалары, тасымалдау жүк көліктері, өндірістегі санитарлық тазалық, шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, қызметкерлердің шариғат талаптарын сақтауы қадағаланды. Сонымен қатар, қолданыстағы тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізілді. Ұзақ мерзімді аудит жұмыстарының оң нәтижесінен кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жауапты маманымыз.

«Zigi Zagi» алкогольсыз сусындарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 17.07.2024-16.07.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жороков көшесі, 257.

Бөлісу: