
"Zoom sushi-pizza" дәмханасы сертификатталды
***Қарағанды қаласына арнайы іс-сапармен барған «Халал Даму» директоры Айбек Аташев пен технолог мамандары облыстың бас имамы Өмірзақ Қазкенұлымен кездесті.** Екі жақты кездесу барысында өңірдегі халалдың хал-ахуалы талқыланып, жергілікті кәсіпкерлер мен тұтынушыларға "ҚМДБ ХАЛАЛ" стандартын насихаттау, сертификатталған мекемелер санын арттыру мәселелері қарастырылды. Жиын барысында кәсіпорындарға жүргізілетін кезекті бақылау-қадағалау шараларының жоспары талқыланды. «Халал Даму» басшылығы мен мамандары қатысқан кездесу соңында облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы жергілікті «Zoom sushi-pizza» @zoom.kz дәмханасына «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. KazN- Group» кәсіпкерлігіне тиесілі «Zoom sushi-pizza» @zoom.kz @zoom.kz @zoom.kz дәмханасы «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талапары бойынша сертификатталды. «Zoom sushi-pizza» дәмханасы «ҚМДБ халал» стандартына саи19 түрлі суши және 11 түрлі пицца өнімдерін ұсынады.*   