Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

03 октября 2018

195

Новости

«ҚАҒАНАТ» асханалар желісі халал сертификат алды (ФОТО)

 «Табыстың кілті -еңбекте» деген  ұстанымды негіз етіп, халыққа «халал стандарт» талаптарына сай тағамды ұсынуды мақсат тұтқан «ҚАҒАНАТ» асханалар желісі халал сертификатқа ие болды.

 «ТЕЗ», «ДӘМДІ», «ТАЗА» және «ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА» деген негізгі 4 принцип бойынша жұмыс жасайтын «ҚАҒАНАТ»  қоғамдық тамақтану нарығында 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Алғашқы асханасы Алматы қаласы, Тастақ ауданында 3 қана қызметкердің жұмысымен басталған мекеменің бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында 25 асханалар желісі және 1000-нан аса қызметкері бар.

Күн сайын әр асхана 1000-нан аса тұтынушыны тамақтандырып, айына 750 000 адамға қызмет көрсетеді.

«ҚАҒАНАТ» асханалар желісі қызметкерлерінің еңбек жолы - қарапайым идеядан үлкен империяға айналудың, қажырлы еңбек пен, табанды шыдамдылықтың көрінісі.

 

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің баспасөз қызметі

Поделиться: