АЙБЕК АСҚАРБЕКҰЛЫ «ЖЕТІСУ» АРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Жетісу облысына іс сапары барысында жергілікті «Жетісу» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып өтті.
«Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылуда», – деген Айбек Асқарбекұлы тілші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, сұхбат барысында Жетісу өңіріндегі сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит шаралары жүргізілгенін жеткізді.