АЛМАТЫ ОБЛ.: «АЛЕЛЬ АГРО» ҚҰС ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Ахметбекұлы мен технолог Нұрбек Қанатұлы «Алель Агро» құс фабрикасында аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында өндіріс процесінің халал стандарттарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және өнім сапасы мұқият тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша құстардың жемі, өсірілуі, бауыздалуы, сақталуы, тасымалдануы стандартқа толығымен сәйкес келетіндігі анықталды. Сонымен қатар, құс фабрикасы жұмысының барлық кезеңінде халал стандарт талаптары толығымен сақталғанына көз жеткізілді.