Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

21 мая 2025

27

Новости

АЛМАТЫ: «БИЖАН» ЕТ КОМБИНАТЫНДА АУДИТ

Алматы қаласындағы «Бижан» ет өңдеу комбинатында кезекті аудит жұмыстары жүргізіліп, «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды. Бақылау-қадағалау жұмыстарын жергілікті Терлікбаев Өміржан мен технолог Әселхан Сәбитқызы орындады.

Аудит барысында өндіріс процесінің барлық кезеңдері – шикізатты қабылдау, сақтау, өңдеу, қаптау және дайын өнімді тасымалдау – толықтай «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі бойынша тексерілді. Әселхан Сәбитқызы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, қасапшылық ережелерінің дұрыс орындалуын және халал шикізатпен жұмыс жүргізу тәртібін мұқият бақылап, қажетті нұсқаулықтар берді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының маңызы мен талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың білімін арттыру мақсатында тәжірибелік кеңестер ұсынылды. Аудит қорытындысы бойынша «Бижан» ет өңдеу комбинатының халал талаптарын толық сақтай отырып жұмыс жүргізіп отырғаны расталып, сертификаттың мерзімі ресми түрде ұзартылды.

Поделиться: