Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

21 мая 2025

58

Новости

«ПЕТРОПАВЛОВСКИЙ ХЛЕБОБУЛОЧНЫЙ КОМБИНАТ» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

«Петропавловский хлебобулочный комбинат» кәсіпорнының «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» жергілікті маманы Мақсат Аманжолов кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, өндірістің халал талаптарына сәйкестігін растады.

Атап айтқанда, кәсіпорындағы шикізаттың құрамы, сақтау және тасымалдау шарттары, өндірістік цехтардағы санитарлық-гигиеналық жағдай, сондай-ақ дайын өнімнің қапталуы мен таңбалануы егжей-тегжейлі тексерілді. Мақсат Аманжолов барлық кезеңдерде халал стандарттарының толық сақталғанына көз жеткізіп, тиісті әдістемелік кеңестер берді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал өндірісінің негізгі талаптары, тағамдық қоспалардың шариғат тұрғысынан маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.

Аудит нәтижесінде «Петропавловский хлебобулочный комбинаты» «QMDB Halal» стандартына сай жұмыс істейтіні анықталып, сертификаттың мерзімі ресми түрде ұзартылды. Бұл – тұтынушыларға сенімді, сапалы әрі шариғат талаптарына толық сай өнім ұсынылып отырғанының дәлелі.

Поделиться: