.jpeg)
АЛМАТЫ ОБЛ.: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР
Алматы облысы бойынша «Халал Даму» жауапты маманы Жұмабеков Жанәбіл Жамбыл ауданына іс-сапары барысында жергілікті имамдарға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында Жанәбіл мырза халал индустриясының даму бағыттары, стандарттары мен талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, өндіріс пен қызмет көрсету салаларында шариғатқа сай талаптарды сақтау жолдарын түсіндіріп, халал сертификаттаудың маңыздылығына тоқталды. Ет өнімдерін өндіру барысындағы халал қағидаларын нақты мысалдармен түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Жамбыл ауданының бас имамы Бақыт Абдиисламұлы өз сөзінде халал саласының дін мен қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, имамдарды бұл бағыттағы білімін үнемі жетілдіріп отыруға шақырды. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, халал индустриясына қатысты білімдерін толықтыра түсті. Бұл кездесу имамдарға жаңа серпін беріп, халал тақырыбына деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды.