Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

04 июня 2025

25

Новости

АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР

Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы мен «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты маманы Жұмабеков Жанабіл Құрбан айт қарсаңында Қарасай ауданында орналасқан бірқатар құрбан шалу орындарына арнайы барып, дайындық барысын бақылап, қасапшылармен жүздесті.

Жүздесу барысында олар құрбан шалудың шариғаттағы орны мен оның мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, әрбір мұсылманның бұл ғибадатты шын ықыласпен және шариғат талаптарына сай орындауы қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар, құрбан шалу кезінде қасапшылардың жауапкершілігі, малдың халал талаптарына сай бауыздалуы, тазалық және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы секілді маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды.

Жиын соңында қатысушыларға арнайы әзірленген әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берілді. Мұндай іс-шаралар Құрбан айттың шариғи тұрғыдан дұрыс әрі ұйымдасқан деңгейде өтуіне үлес қосатыны айтылды.


Поделиться: