Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

18 декабря 2025

20

Новости

АЛМАТЫДАҒЫ ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Алматы қаласындағы  «Халал ет», «Юсупов» шұжық цехтары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті өкіл Өміржан Терликбаев пен технологтар Әселхан Сәбитқызы, Жансая Шалқарқызы орындады.

Тексеріс барысында цехтардағы өндірістік процесс, шикізаттың сапасы, дайын өнімнің сақтау және тасымалдау шарттары мұқият бағаланды. Әр цехта санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, құрал-жабдықтардың тазалығы, қызметкерлердің санитарлық гигиена талаптарын сақтауы тексерілді. Сондай-ақ, шұжық цехтарындағы өнімнің қауіпсіздігі мен халал стандартқа сәйкестігі, тағамдық қоспалардың сапасы  назарға алынды. 

Тексеру нәтижелері бойынша барлық кәсіпорындарға нақты ұсынымдар беріліп, кейбір цехтарда санитарлық-гигиеналық нормаларды күшейту және кейбір процестерді жетілдіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.



Поделиться: