Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

18 декабря 2025

27

Новости

ШҚО: КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кәсіпорындар тексерілді. Атап айтқанда, «Арай East-Food», «Ардагер» құс фабрикасы және жергілікті тамақтану орындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шраларын жергілікті технолог Данияр Бақзейнелұлы орындады.

Тексеру барысында кәсіпорындардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ қызметкерлердің жеке бас гигиенасы бағаланды. «Арай East-Food» зауытында шикізаттың сақталу шарттары, өндірістік желілердің тазалығы және дайын өнімнің сәйкестігі тексерілді. «Ардагер» құс фабрикасында құстың дұрыс бауыздалуы, құс етінің сақталу мерзімі, жемнің сапасы, сондай-ақ жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі қаралды.

Сонымен қатар, жергілікті тамақтану орындарында тағамдардың дайындау процесі, ас үйдің тазалығы, өнімдерді сақтау шарттары және клиенттерге қызмет көрсету стандарттары тексерілді. Барлық кәсіпорындарға сәйкестік бойынша толық есеп беріліп, анықталған кемшіліктерді жою үшін нақты ұсынымдар берілді. Тексеру қорытындысы бойынша, кейбір кәсіпорындарда шағын түзетулер енгізу қажет деп анықталды, ал басым бөлігі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай екені расталды. 


Поделиться: