ҚАРАҒАНДЫ: 10 КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Гүлмира Маратқызы мен жергілікті маман Амангелді Асқаров өңірдегі кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, «Кәусар» және «Закира тәттілері» кондитерлік цехы, «Бала парк» ойын-сауық және тамақтану кешені, «Мармеладка» кондитерлік өнімдер цехы, «Тұран елі», «Бауырдақ», «Карлс кейк» мейрамханалары, «Zakira tattileri Coffee & bakery» және «Hani.brunch» кофеханасы, «Тағам» асханалар желісі тексерілді.
Аудит барысында аталған кәсіпорындарда өндіріс процестері, шикізаттың сапасы, сақтау шарттары және дайын өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Сарапшылар әрбір нысанда өнім құрамын зерттеп, технологиялық процестердің шариғат талаптарына сай болуын бақылады.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне халал стандарттарының маңызы түсіндіріліп, өндірістік процестерді одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Кәсіпорын басшыларына анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ескертулер жасалып, алдағы уақытта оларды түзету қажеттігі айтылды.