
БҚО: ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «Жайық ет» құс фабрикасы мен «Ет өнімі» шұжық цехында жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асхат Асылбеков орындады.
«Тексеріс барысында анықталған мәліметтер тиісті тексеру актісіне енгізіліп, қосымша фото және видео материалдар, сондай-ақ алынған өнім үлгілері, жүкқұжаттар (накладной), этикеткалар тексеру актісімен және басқа да қажетті құжаттармен бірге жауапты маманға тапсырылды. Алдағы аптада шұжық өнімдерінің барлық түрі Астана қаласындағы аккредиттелген зертханаға сынамаларына жіберіліп, зертханалық талдау жүргізілетін болады», – деп хабарлайды жергілікті өкіліміз.