
ТҮРКИЯДА «HALAL EXPO ISTANBUL 2025» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
26-29 қараша 2025 жыл аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласындағы көрме орталығында әлемдік халал индустрия өкілдері бас қосады. Аталған күндері «Halal Expo Istanbul 2025» халықаралық көрмесі мен «World Halal Summit» саммиті қатар ұйымдастырылмақ. Іс-шараны «Discover Events» компаниясы «Ислам елдері стандарттау және метрология институтымен» (SMIIC) бірлесіп өткізеді.
Халал экономикасының құны бүгінде 2 триллион АҚШ долларынан асып отыр. «Halal Expo Istanbul» осы нарықтағы негізгі ойыншыларды бір алаңда жинап, Ыстанбұлдың Шығыс пен Батысты жалғайтын орталық ретіндегі орнын нығайтуда. «Halal Expo Istanbul» бүгінде халал тағам, косметика, фармацевтика, туризм, қаржы, modest fashion және lifestyle индустриясын біріктіретін ең ірі көпсалалы шараға айналды. Көрме алаңы жаңа нарықтарға жол ашуға, іскерлік байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Көрме аясында «Modest Fashion & Art» аймағы, «Go Africa» павильоны, «NOV» (Natural, Organic, Vegan) өнімдері аймағы, «Ethexpo» халал сертификатталған косметика және фармацевтика өнімдер павильоны, жаһандық сатып алушылар мен жеткізушілерге арналған стратегиялық B2B кездесулер ұйымдастырылады деп күтілуде.
Толық ақпарат https://helalexpo.com.tr сайтында көрсетілген.
Дереккөз: halalfocus.com