
ЖАҺАНДЫҚ ХАЛАЛ НАРЫҒЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ӨСІМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Исі мұсылман 2023 жылы шариғат талаптарына сай әзірленген немесе өндірілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шамамен 2,43 трлн жоллар жұмсаған екен. Бұл айналым халал нарығының жыл сайын 5,5%-ға өсіне ықпал еткен. Бұл жайында islam.kz порталы Islamosfera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Жаһандық ислам қаржысын зерттейтін Dinar Standard компаниясы әзірлеген соңғы есепте күллі әлем бойынша ислами қаржы активтері 2023 жылы 4,93 трлн долларға жеткені турасында дерек келтірілген екен. Бұл көрсеткіш 2022 жылғысымен салыстырғанда 9,2%-ғға артқанын көрсетеді. Бұл есепте ислам экономикасының алты секторының ауқымы ескерілген: ислами қаржы, халал тағам, мұсылман туризмі, шариғат талаптарына сай тігілген киім индустриясы, бұқаралық ақпарат құралдары, ойын-сауық, хаалал дәрі-дәрмек пен опа-далап салалары қамтылған.
2024 жылы мұсылмандардың Израилге байкот жариялауына байланысты шектеп тұтынуға көшкені айтылған. Nestlé, McDonald’s және Coca-Cola секілдді әлемге әйгілі брендтер көп шығынға ұшырағаны да ұмыт қалмаған. Есесіне, шариғат талаптарына сай әзірленген тауарлар мен қызметтерге сұраныс артқан. Ислам стандарттарына сай Iba Cosmetics секілді брендтер мұсылман емес тұтынушылар арасында да танымал бола түскен. Осы орайда жаһандық ислам экономикасында елеулі салмағы бар халал опа-далап үлесі бүгінгі таңда 6,3 %-дан асқанын, таяу болашақта осы саланың күрт өсетінін айта кету керек.
Тұтастай алғанда, 2028 жылға таман әлемнің ислам экономикасының барлық саласы бойынша барлық елдегі тұтыну шығыны 3,36 трлн долларға жететінін алға тартып отыр сарапшылар.